Сабақтың
тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы.
Сабақтың
мақсаты:
Ø қазақтың жаны нәзік ақыны
Мағжан Жұмабаевтың өмірі
мен шығармашылығы туралы
білімдерін тереңдету;
Ø оқушылардың танымдық, білімділік деңгейін көтеру,
ой-өрісін арттыру, сөздік қорын
байыту;
Ø сұраққа жауап беру, ойлау
шеберлігін дамыту;
Ø М.Жұмабаевтың
шығармашылығын үлгі ете отырып, Отансүйгіштікке, сұлулыққа, сөз өнерінің
иелеріне мақтанышпен, құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың
әдісі: түсіндіру, әңгімелеу,
сұрақ-жауап, іздендіру, әңгімелеу.
Сабақтың
түрі:
жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек-сызба,
сөзжұмбақ, кітап көрмесі.
Сабақтың барысы
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу,
оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабаққа даярлықтарын тексеру.
1. Өз шығармаларын көбінесе
Ана тақырыбына арнаған кім? (Мүсірепов)
2. Қазақтың бас ақыны.
(Абай)
3. «Бір атаның балалары»
повесінің авторы. (Мағауин)
4. Бір ғасыр өмір сүрген
ақын. (Жамбыл)
5. «Оқып жүрген жастарға»,
«Шәкірттерге» өлеңдерінің авторы кім? (Торайғыров)
6. «Аққудың айырылуы»
поэманың авторы. (Сейфуллин)
7. Атақты «Ақ сиса» әнін
авторы кім? (Жаяу Мұса)
8. «Оқу құралы», «Тіл
құралы» оқулықтарының авторы. (Байтұрсынов)
9. «Невада-Семей»
қозғалысының жетекшісі. (Сүлейменов)
10. «Кел, балалар, оқылық»
өлеңін авторы. (Алтынсарин)
11. Ақмола облысының ең сұлу
жері. (Бурабай)
12. Қазақстанның астанасы. (Астана)
13. «Абай жолы» романының
авторы. (Әуезов)
14. Халық жазушысы,
Ы.Алтынсарин медалінің иегері кім? (Әлімбаев)
ІІІ.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.
ІV. Тірек сызба арқылы сөйлемдер құрастырып, мағжан Жұмабаевтың
өмірі туралы әңгімелеу (флипчарт арқылы жұмыс).
V. 1-2
оқушы дайындап келген рефераттарын оқып шығады
(слайд бойынша)
VI.
Біз бүгін Мағжан Жұмабаевтың поэзиясындағы құнды
шығармасымен «Сен сұлу» өлеңімен танысайық.
- Өлеңді мұғалім мәнерлеп
оқып шығады.
- Оқушылар мәнерлеп,
дауыстап қатесіз оқиды.
- Түсінгендерін қазақша
әңгімелеп береді.
VII.
Өлең бойынша сұрақтарға
жауап беріңдер.
-
«Сен сұлу» өлең не туралы?
-
Өлеңде қай жыл мезгілі суреттелген?
-
Мағжан Жұмабаев өлеңінде нені жырлайды?
-
Осы айтылғандардың бәрі неге және кімге деген махаббат?
-
Өлеңде қай жердің табиғаты суреттеледі?
-
Ақын өзінің махаббат сезімін не арқылы жеткізеді?
-
Бәрінен де кім сұлу?
- Өлеңді қорыта келгенде, Мағжан Жұмабаев
қандай ақын екендігіне көзіміз
жетті. Мағжан Жұмабаев лирик ақын.
VIII.
Аударма жұмыс (2 топ)
Қай топ тез, дұрыс аударады.
Магжан Жумабаев
Среди мастеров казахской художественной
культуры одно из первых мест занимает
выдающийся поэт Магжан Жумабаев.
Магжан Жумабаев получил хорошее образование:
он учился в медресе – Галия (высшая школа) в городе Уфе, потом в Омской
учительской семинарии, позже окончил в Москве литературно-художественный
институт.
Писать стихи Магжан начал с 14 лет.
Произведения его печатались почти во всех газетах и журналах на казахском и
татарском языках. Первый сборник его стихотворений «Шолпан» («Предутренняя
звезда») вышел в Казани в 1912 году, а 10 лет спустя Магжан Жумабаев написал
свою знаменитую поэму «Батыр Баян», в которой использовал народные легенды.
IX.
Жарайсыңдар. Сабақты
қорыта отырып, мынадай сұрақтарға жауап беріңдер.
- Бүгінгі сабақ сендерге
ұнады ма?
- Мағжан Жұмабаев туралы не
білдіңдер?
X.
Оқушыларды бағалау.
XI.
Үйге тапсырма. Мағжан
Жұмабаев туралы мағлұмат жинап, әңгімелеу. Өлеңнің екі шумағын жаттап алу.
Комментариев нет:
Отправить комментарий